«Алмерек» ЖШС Қазақстан Республикасының нарығына 2003 жылы қосылған фармацевтикалық компания. Компания тарихы дәрiлер және медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтермелеп сататын фирмадан басталған. Қазіргі кезде «Алмерек» - бiр реттiк қолданылатын медициналық мақсаттағы бұйымдарының отандық өндiрушiсi.

 4 vistavka small Индустриаландыру картасы бойынша, 2011 жылы «Алмерек» ЖШС Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша Алматы қаласында жобасын жүзеге асырып, медициналық мақсаттағы бұйымдарының жабдықтауына бірыңғай оператормен ұзақ мерзiмдi келiсiм-шартқа отырды. Өндiрiстiк аудан 1500 шаршы метрден асады. Өндіріс ISO 13485:2003 халықаралық стандарты бойынша сертификатталған. Өнiм этилен оксид газымен зарарсыздандырылады.

 

 

mod about com  «Алмерек» ЖШС этилен оксид газымен зарарсыздандыратын технологиялық меншiктi бірегей машинасымен жабдықталған (зарасыздандыру микроорганизмдардың барлық түрлерін жоюға қамтамасыз ететiн түпкi орамада, топтық қорапта және төмен температураларда өтедi).

  Компанияның өнiмдерi Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттiк медициналық мекемелерiн қамсыздандырады. Бұйымдар сапасы зарарсыздыққа, улағыштыққа жүргізілген түрлі зерттеулермен расталады.

   Компания көптеген халықаралық және республикалық көрмелерде белсендi қатысып, отандық өндiрушi ретінде өнiмнiң сапасына берілген дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.

 1 ISO small2 licenziya small3 diplom small

Мәлімдемелер

«Алмерек» ЖШС «СК-Фармация» бірыңғай операторының жабдықтаушысы болып табылады. Өндіріс ISO 13485:2003 халықаралық стандарты бойынша сертификатталған.Барлық бұйымдар Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығының Мемлекеттік тізілімінде тіркелген.

Бiздi табуга болады:

01«7 қалалық аурухана» аялдамасы, № 11, 16, 23, 47, 49, 78, 95, 102, 118, 303, 337, 339 автобустар бағыты.

02«1 қалалық аурухана» аялдамасы, № 11, 118, 128, 137, 312, 316 автобустар бағыты.

031 және 7 қалалық ауруханалардың арасындағы 2- қабатты ғимарат (тәулiк бойы істейтін дәрiхана, Райымбек даңғылынан жоғары бойынша Әуезов көшесінде орнласқан)